Біз туралы

Педагогикалық өлшеулер орталығы

ДББҰ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" филиалы "Педагогикалық өлшеулер орталығы" оқушылар мен мұғалімдердің конкурстық іріктеу жүйесін қалыптастыру және оның қызметін қамтамасыз ету үшін, білім сапасын қамтамасыз етуді бағалау, мониторинг және оқыту деңгейлеріне сәйкес зияткерлік мектептер оқушыларының білім жетістіктері мен қорытынды аттестаттау мониторингін қамтамасыз ету мақсатымен 2012 жылдың ақпан айында құрылды.

ПӨО миссиясы – көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін зияткерлік мектептерінің білім беру сапасы туралы анық  және дәйектi ақпаратты жинап, ДББҰ құрылымдық бөлімшелері мен мектеп филиалдарына жеткізу.

Орталық қызметтерінің бағыттары:

  • Бағалау рәсімдерінің әдіснамасын жасап шығару;
  • Өлшеу құралдарын құрастыру мен енгізу;
  • Нұсқамалық материалдар жасап шығару;
  • Бағалау рәсімдерін өткізу;
  • Білім  статистикасын жүргізу;
  • Сараптау, қорытындылау, ұсыныстар;
  • Ақпараттандыру;
  • Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық.

ПӨО міндеттері:

  • оқушылар мен мұғалімдерді конкурстық іріктеу;
  • оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі;
  • оқыту кезеңдері бойынша (10, 11 және 12 сыныптар) оқушыларды қорытынды аттестаттау;
  • жалпы білім беретін және зияткерлік мектептердің педагогикалық қызметкерлерін, бағалау бойынша тренер мен сарапшыларды бағалау;
  • педагогикалық кадрлардың сапасы мен олардың кәсіби деңгейлерінің өсуін бағалау;
  • оқушылардың моральдық-психологиялық ахуалы мен денсаулығын бағалау;
  • Зияткерлік мектептердегі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау;
  • жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау.

Құрылымы

Жобалар

Оқушылардың конкурстық іріктеуі

Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеу жүйесін құрастыру және енгізу

2013 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеу жүйесі ойдағыдай жұмыс істеуде. Аталған жүйе жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қабілетті оқушыларды қабылдау мен Зияткерлік мектепте оқудың барлық кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Оқушыларды іріктеу үшін Cito Педагогикалық өлшеулер институтымен (Нидерланд) бірлесіп «Математика», «Қазақ тілі (бірінші және екінші тілдер), «Орыс тілі (бірінші және екінші тілдер) мен «Ағылшын тілі» пәндерінен тест тапсырмалары әзірленеді. Математика пәні әртүрлі жағдайларды сипаттайтын, суреттер, графиктер мен диаграммалармен жумыс істеуді қамтитын тест тапсырмаларын, функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған. Тілдік пәндер бойынша тапсырмалар ережелерді тексеру арқылы емес, мәтінмен  жұмыс істеу арқылы оқу сауаттылығы мен тілдік құзыреттерді бағалауға бағытталған.

Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қабілеттілігін анықтауға бағытталған, оқушылардың логикалық ойлауға негізделген цифрларға сүйену қабілеттерін, кеңістікте ойлауды, сонымен қатар  жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуда ең маңызды, көру арқылы есте сақтауын бағалайтын тапсырмалар дайындалды.

Конкурстық іріктеу екі күн аралығында жүргізіледі: бірінші күні – «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» мен «Ағылшын тілі» пәндерінен тестілеу өткізіледі, ал екінші күні – жаратылыстану-математика ғылымдарын оқу қабілеттіліктері бағаланады

Зияткерлік мектептер 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге 2013 жылы 7 454 үміткер, 2014 жылы 11 828 үміткер, 2015 жылы 13 540 үміткер, 2016 жылы 16052 үміткер, 2017 жылы 17338 үміткер қатысты.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша байқаудың өткізілу Ережесі.

 

Оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі

Критериалды бағалау

Критериалды бағалаудың моделі бағалау рәсімдерінің сапалы болуына, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының оқудағы қажеттілігіне жетуге бағытталған. Ол педагогикалық өлшеулер аясындағы білім беру саясатын дамытудың толыққанды тәсілдерін көрсетеді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ - NIS-Рrogram білім беру бағдарламасының анықталған оқу мақсаттарына сәйкес алған білімі мен дағдыларын дамыту деңгейін бағалау үшін барлық элементтерді (ереже, түрлері, механизмдері, рәсімдері, құралдары, есеп беру және т.б.) үйлестіреді.  

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқудағы нәтижелері туралы объективті ақпараттар алу және оны оқу үдерісін әрі қарай жетілдіру үшін барлық мүдделі тұлғаларға ұсыну болып табылады. 

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін объективті және айқын бағалау жүйесі қызметін жасау.
  • Халықаралық стандарттар мен тәсілдерге сәйкес келетін бірыңғай және сапалы бағалау механизмдерін қалыптастыру.
  • Бағалау әрекетіндегі мұғалімнің құзыреттілігін арттыру.
  • Оқушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру мен өз бетінше оқу дағдыларына баулу үшін жағдай жасау.
  • Оқушылардың күтілетін нәтижелерге жетуін бағалау үдерісін дербестендіру мен автоматтандыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау) тапсырмалары үлгілері қорын құру.
  • Объективті, үздіксіз және айқын ақпараттар ұсыну: оқушыларға олардың оқу сапасы туралы; мұғалімдерге оқушыларының ілгерілеуі туралы; ата-аналарға оқу нәтижелеріне жету деңгейлері туралы; органдарға ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы туралы. 
  • Электрондық журналды жинақтау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану.
  • Еліміздің, облыстың, ауданның барлық мектептерінің, жеке мектептердің, әр оқушының деңгейіне қарай бөлім, тақырыптар төңірегіндегі оқу бағдарламасын меңгеруде мониторингті қолдану.
  • Стандартты, оқу бағдарламаларын жетілдіру және тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін зерттеу, талдау жүргізу.

Критериалды бағалау оқу үдерісінде белгіленген қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Критериалды бағалаудың негізгі басымдықтары оқушыны дамыту, оның қызығушылығын арттыру және оқуға ынталандыру, бағалау рәсімдерін түсіндіру, сол арқылы баға алған кездегі қобалжу, қорқынышты жою болып табылады. Егер әрбір оқушы мен оның ата-анасына түсінікті, анық және өлшемді бағалау критерийлерін белгілеп алатын болсақ,  бұған қол жеткізуге болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да мыналарды түсінетін болады: Оқушы оқудың қай сатысында? Ол өзінің оқуында неге талпынады? Оқудағы күтілетін нәтижеге жетуге көмектесу үшін не істеу қажет?

 

Сыртқы жиынтық бағалау

Сыртқы жиынтық бағалау –оқушылардың сыртқы  жиынтық бағалау моделіне сәйкес бастауыш, орта, жоғарғы сыныптардың соңында, қажетті білім деңгейлері мен дағдыларының қалыптасуын анықтайтын  мектептен тыс құрастырылған  бағалау.

Бастауыш сынып оқушыларының сыртқы  жиынтық бағалауы  Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделіне сәйкес орындалған және оқушылардың  жетістіктерінің сыртқы  жиынтық бағалау моделі Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесімен  бірлесе құрастырылған .

Жалпы білім беретін пәндердің бесеуі бойынша (Ана тілі (қазақ/орыс), кіріктірілген екінші тіл мен әдебиет, Ағылшын тілі, Математика және Қазақстан тарихы ) және таңдау бойынша  1 пәннен (Физика, Химия, Биология және Информатика) орта сынып оқушылары емтихан тапсырады.

Жалпы білім беретін пәндердің үшеуі бойынша (Математика, Қазіргі әлемдегі Қазақстан және Ағылшын тілі) және таңдау бойынша 4 пәннің 2-нен (Физика, Химия, Биология және Информатика) емтихан тапсырады. 

Тәжірибені тарату

Критериалды бағалау жүйесін Қазақстан Республикасы жалпы білім беру мектептеріне енгізуге дайындау мен ұйымдастыру жұмыстары

Назарбаев Зияткерлік мектептері – еліміздегі орта білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін Қазақстан Респубикасының білім саласындағы ең маңызды жобалары мен даму сәттерінің бірі болып табылады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының дамуы стратегиясы бойынша 2020 жылға дейін Зияткерлік мектептер келесі міндеттерді көздейді: «Өзіне ең үздік Қазақстанның дәстүрлері, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету».

ДББҰ-ның стратегиялық мақсаттарының бірі –  Қазақстанның орта білім беру жүйесіне Зияткерлік мектептер тәжірибесін енгізу.

Бұл мақсатты іске асыру мен ұйымдастыру негіздеріне отандық орта білім беру жүйесін алдағы уақытта реформалауға мүмкіндік беретін мемлекеттің білім жүйесіне 2013-2017 жылдары Зияткерлік мектептер тәжірибесін енгізу мақсатындағы жол картасы (жүктеу) жатады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін есепке ала отыра, барлық деңгейдегі білім беру үдерісіне  заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізуді қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен ДББҰ-мен жақын қарым-қатынаста жұмыс істейтін 30 негізі мектептерді анықтады.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясындағы критериалды бағалау жүйесі

Жаңартылған орта білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі 2015-2016 оқу жылында 30 пилоттық мектептің 1-сыныбында апробациядан өтті және 2016-2017 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде 1-сыныпқа енгізілді. 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 2,5,7-сыныптарына енгізілді.

Критериалды бағалау жүйесін оңтайлы жүзеге асырудың бірден бір жағдайы мұғалімдерді бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстармен, бағалаудың сапалы құралдарымен, электрондық құжат айналымы жүйесімен және есеп берумен қамтамасыз ету болып табылады. 

Білім алушылардың оқу нәтижелерін тиімді әрі стандартты бағалау үшін күтілетін оқу нәтижелері мен мақсаттарына сәйкес критерийлер және бағалау тапсырмалары құрастырылды. Критерийлер мен тапсырмалар білім деңгейін ғана анықтап қоймайды, оқушылардың білімін және жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды қолдану қабілеттерін анықтайды.  Құрастырылған тапсырмалар олардың орындалу деңгейін сипаттаудан, мұғалімдердің оқушыда оқудың қай кезеңінде қиындықтар туындағанын, оған қандай педагогикалық қолдау қажет екендігін түсінуіне көмектесетіндей оқушылар мен ата-аналарды ақпараттандыру үлгілерінен тұрады. 

Тапсырмаларды құрастыруға жоғары деңгейдегі халықаралық сарапшылардың оқытуынан өткен мамандар мен мұғалімдер қатысады.

2016-2017 жж. бағалау үдерісін қамтамасыз ету үшін:

1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қазақ және орыс тілдеріндегі критериалды бағалау бойынша ұсыныстар

2. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған қазақ және орыс тілдеріндегі критериалды бағалау бойынша ұсыныстар

3. Мектеп және өңірлік үйлестірушілерге арналған қазақ және орыс тілдеріндегі критериалды бағалау бойынша ұсыныстар  

4. 1,2,5 және 7-сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы    

5. 1,2,5 және 7-сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі пәндерге қатысты жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар

6. 5,7-сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі пәндерге қатысты жиынтық бағалау спецификациясы

7. Оқушылар мен ата-аналарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау туралы ақпараттық буклеттер

8. Критериалды бағалау бойынша бейнефильмдер топтамасы дайындалды.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін тең дәрежеде және дер кезінде нұсқаулық-әдістемелік материалдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Жүйелік-әдістемелік кешен» электрондық порталында  (smk.edu.kz) «Критериалды бағалау жүйесі» модулі құрылды.  Аталған модульде критериалды бағалауға қатысты 300-ге жуық нұсқаулық-әдістемелік материалдар, соның ішінде бейнежазбалар, таныстырылым ресурстары, электрондық журнал үлгілері мен оны толтыру нұсқаулығы орналастырылған.  

«Критериалды бағалау жүйесі» бөлімінде, Жүйелік-әдістемелік кешеннің талқылау алаңында мұғалімдерге әдістемелік және кеңестік қолдау көрсету жүргізіледі, сондай-ақ тиімді өзара байланыс орнату мен дер кезінде ақпараттандыру мақсатында критериалды бағалау бойынша мектеп және өңірлік үйлестірушілер үшін форум да құрылған.

Диагностикалық тестілеу

Жаңартылған білім беру мазмұны еліміздегі ауылдық және қалалық мектептер, гимназиялар, лицейлер, орта, шағын кешенді пилоттық мектептерде апробациядан өтуде. Оқу бағдарламаларын, критериалды бағалау жүйесін және оқыту әдістемесін тиімді бағалау үшін 30 пилоттық, 16 бақылау мектептерінде оқушыларға диагностикалық тестілеу жүргізіледі.

Оқушыларды диагностикалық тестілеу  үш рет: 1-сыныпта «жыл басында» – 2015-2016 оқу жылының басында және «жыл соңында» – 2015-2016 оқу жылының соңында, 2-сыныптарда «жыл соңында» - 2016-2017 оқу жылының соңында өткізілді. 2017-2018 жж. диагностикалық тестілеу 3 және 4-сыныптарда жалғасады.

2015-2017 жж. нәтижелер жаңартылған білім беру мазмұны мен оқыту әдістемесі бойынша пилоттық мектептердің басымдығын көрсетті. Өйткені пилоттық мектептер 2-сыныпта «жыл соңында» орта балл бойынша бақылау мектептеріне қарағанда (+14,7 балл) біршама ілгерілеуді көрсетті (+30,2 балл). Аталған басымдық барлық пәндерден, барлық үш диагностикалық тестілеу нәтижелерінен де айқын байқалды.     

Толық ақпарат пен диагностикалық тестілеу нәтижелері есепте көрсетілген (жүктеп алу).

Педагогикалық қызметкерлерді бағалау

Валидтілік, сенімділік, жеткіліктілік және түпнұсқалық қағидаларына сәйкес «Педагогикалық шеберлік орталығы»ЖМ  және ««Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы» өткізетін жаңғыртылған деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыру курстары, ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстары және орта білім мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курстары шеңберінде ПӨО педагогикалық қызметкерлердің тәуелсіз бағалауын жүзеге асыруда.

Педагогикалық қызметкерлерді, тренерлерді және эксперттерді бағалау бірыңғай бағалау критерийлері негізінде жүзеге асырылады:

  • оқыту және оқудың жаңа тәсілдері мен түйінді идеяларын білу және түсіну;
  • осы идеяларды өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдану;
  • өз тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу және алдағы кәсіби қызметінің дамуы туралы рефлексиялау.

Сонымен қатар, дағдыларды, білу мен түсінуді анықтайтын және кәсіби құндылықтарға негізделетін кәсіби стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 

Мұғалімдерді бағалау 3 құрамдас бөліктен тұрады: портфолио, таныстырылым, біліктілік емтиханы.

ПӨО мұғалімнің портфолио мен таныстырылымын суммативті бағалау рәсімін ұйымдастырады және өткізеді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 17 аймағында  мұғалімдер үшін Біліктілік емтихандарының ұйымдастыруы мен өткізілуін қамтамасыз етеді. Тесттердің сапасы және валидтілігі тест тапсырмаларын талдау және апробациялау,сараптау,әзірлеу рәсімдері арқылы мұғалімнің оқу тілінде қамтамасыз етіледі. Портфолио, таныстырылымдарды және емтихан материалдарын бағалау нәтижелері өңдеу және модерация рәсімдерінен өтеді.

Басшыларды, тренерлерді және эксперттерді бағалау портфолио арқылы жүзеге асырылады. ПӨО портфолионың формативті және суммативті бағалау рәсімдерін ұйымдастырады және өткізеді. Бағалау нәтижелері модерация рәсімінен өтеді.

Бағалаудың қорытынды нәтижелері сертификаттау бойынша Емтихан кеңесінің отырысында қарастырылады және бекітіледі. Содан кейін, сертификаттауға ұсынылған педагогикалық қызметкерлердің қорытынды тізімдері ПӨО-ның порталында жарияланады.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі бағдарламалар бойынша мұғалімдерді бағалау сабақты жоспарлау үдерісі бойынша таныстырылымдарды қорғау негізінде жүзеге асырылады. Бағалаудың қорытынды нәтижелері бағалау ведомосіне енгізіледі, содан кейін, сертификаттауға ұсынылған педагогикалық қызметкерлердің қорытынды тізімдері ПӨО-ның порталында жарияланады.   

2012-17 жж. бағалау нәтижесінде жаңғыртылған деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары шеңберінде 67 011 мұғалім, 514 тренер және 95 эксперт сертификатталған. 2014 жылдан бастап 443 тренер және 43 эксперт ресертификаттаудан өтті. 2014-17жж. аралығында ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстары шеңберінде 3 157 мектеп басшылары сертификатталған. 2016-17жж. аралығында орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курстары шеңберінде 107 874 мұғалім сертификатталған. 

Шаралар

Біздің мекен-жаймыз:

Қазақстан Республикасы

010000, Астана қ., Хусейн бен Талал көшесі, 37 "А" 

Email: info@cpi.nis.edu.kz

Телефон: +7 (7172) 23-57-66